«Жастар жылы-жасампаздықтың бастауы»
Өздеріңіз білесіздер Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жолдауында білім жүйесі, жер, тұрғын houseмәселесі, құқық қорғау органдары өзгеде өзекті тақырыптарды қаузаған Елбасы жастарды да назардан тыс қалдырмады. 2019 жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін Отанымыздың өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Экономикалық аспектіде еліміздің өркендеп даму стратегиясы жүзеге асатын болса,ал әлеуметтік тұрғыда жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады.Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамымыздың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жастар кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші.Бұл оймен дауласудың өзі артық.Осыған орай Жүзағаш орта мектебінде жастардың ұйымдастыруымен «Жастар жылы-жасампаздықтың бастауы»атты эстафеталық жарыс өтті. Эстафеталық жарысқа мектептен 3 команда, ауыл әкімшілігі және амбулаториядан 1 команда қатысты.Әр команданың аты,спорттық киімдері өздеріне жарасып-ақ тұрды.Эстафеталық жарыста «Сұңқар», «Жасқыран», «Денсаулық», «Жалын» топтары өзара сайысқа түсіп, көрермендердің көңілін көтерді.Эстафетаплық жарыс мәресіне жетіп «Сұңқар» тобы I-орын, «Жалын» тобы II-орын, «Денсаулық», «Жасқыран» тобы III-орынды иеленді.
Әрине бастысы орын емес жастардың спортқа деген ынтасы, салауатты өмір салтын сақтауға, өскелең ұрпаққа үлкен тәрбие деп ойлаймын.