Абай облысы Үржар ауданы "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"КММ-де "Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайырымдылық"күніне ора » Коммунальное Государственное учреждение Жузагашская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай облысы Үржар ауданы "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"КММ-де "Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайырымдылық"күніне ора
18
март
2024

Абай облысы Үржар ауданы "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"КММ-де "Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайырымдылық"күніне ора

Абай облысы Үржар ауданы "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"КММ-де "Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін "Қайырымдылық"күніне орай,балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында "QH Жаздық жолдама-2024" қайырымдылық жобасы бойынша Шолпан ауылдық округінің әкімі Е.А.Оспанов мектеп директоры К.О.Турарбаеваға 5-8 сыныптың 1 оқушысына жолдама сертификатын табыстады.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Келемұлының тікелей тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтар айында құрылды. Екі жылда еліміздің барлық өңірлерінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру және спорт салаларында 91 млрд. теңге көлемінде 80нен астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды іске асырды. Білім беру саласында негізгі жобалар болып «Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» сияқты жобалар бар. Бұл жобалардың ішінде «Жаздық жолдама» жобасы да ерекше орын алып отыр. Былтыр «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынің қаржылық қолдауымен 19754 оқушы толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Қор Оқу ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен биыл маусым айынан бастап 5-8 сынып 20 мың оқушысын жаздық демалыс лагерьлерге жіберуді жоспарлап қойды. Біздің ауданға 150 жолдама тиесілі болды. Биыл барлық селолық мектептер қамту көзделіп отыр.