13
октябрь
2023
Оралхан Бөкейдің туғанына 80-жыл
Абай облысы Үржар ауданы білім бөлімінің "Жүзағаш орта мектеп- бақшасы" КММ-де 8 сыныпта "Тарихқа құрмет!" жобасы аясында Оралхан Бөкейдің туғанына 80-жыл толуына орай "Қамшыгер" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Алтайдың асқақ жыршысы" , қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай жазушыны еске алу , сонымен қатар өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға кеңінен түсінік беру және өзара пікіралмасу. Сынып сағатының түрі: мультимедиялық сабақ. Сынып жетекшісі Қасымқызы Айдана. 13.10.2023 жыл.