06
февраль
2024
"Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек" тақырыбындағы мемлекеттік мектеп директорларының республикалық форумы
Астана қаласында 1 ақпан 2024 жылы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған "Заманауи мектепті басқару: трендтер және келешек" тақырыбындағы мемлекеттік мектеп директорларының республикалық форумына мектебіміздің директоры Турарбаева Карлыгаш Онгарбаевна қатысты.Форумда орта,қосымша,инклюзивті және арнайы білім беру, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі және тәрбиесінің өзекті мәселелері талқыланды.Менеджердің басқару құзыреттері,кадрлық әлеуетті дамыту,PISA-2022 нәтижелері және білім беру саласындағы маңызды тренингтер ұйымдастырылды.TEDx форматындағы интерактивті сессияға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.Білім сапасын арттыруға негізделген 5 негізгі бағытты атап өтті: менеджментті нығайту және басшылар кадрлық резервін қалыптастыру;педагогтерді даярлау және қайта даярлау тәсілдерін жетілдіру; оқу бағдарламаларын жаңарту; инфрақұрылымды кешенді жақсарту; сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау."Табысқа жетудің бірден-бір жолы және басты құралы-сапалы білім"
Сапалы білімді шәкірттер даярлау жолында табысты еңбек етейік !!!