28
март
2024
"Мерейлі ұстаз" байқауының аудандық кезеңі
"Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ- де "Мерейлі ұстаз" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау, шығармашыл педагогтерді анықтау. Аудан мектептерінен 27 мұғалім қатысты.Мектебімізден математика пәнінің мұғалімі Есенгелдінова Айгерім Бекенқызы қатысып, жүлделі IIІ орынды иеленді. Айгерім Бекенқызына шығармашылық табыс тілейміз. Жүлделі IIІ орын құтты болсын.