Қарымды қаламгер, дарынды ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің 69 жас туған күніне орай м » Коммунальное Государственное учреждение Жузагашская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қарымды қаламгер, дарынды ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің 69 жас туған күніне орай м
17
апрель
2024

Қарымды қаламгер, дарынды ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің 69 жас туған күніне орай м

Қарымды қаламгер, дарынды ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің 69 жас туған күніне орай мектебімізде 12 сәуір 2024 ж. 8-11 сынып оқушыларының аудандық"Ақ бастау" Ғабиден Құлахмет оқулары өтті. Ақын мұражайына саяхат жасалды.Ғабиден Құлахмет атындағы қазақ әдебиеті атаулы кабинеті салтанатты түрде ашылды. Үржар ауданы әкімі Башимбаев А.Ж, аудандық мәслихат хатшысының төрағасы Омаров А.С. Үржар аудандық білім бөлімінің басшысы м.а Шакеев Е.Т, ауыл әкімі Оспанов Е.А, мектеп директоры Турарбаева К.О, ардагер ұстаздар Оспанов А.О, Баймухамет А, құттықтау сөздер сөйледі.Аудан әкімі Башимбаев А.Ж бас демеуші MED365 компаниясының директоры Шыңғыс Құлахметовке Үржар ауданының «Абырой» төсбелгісі, Алғыс хатын табыстап,
атаулы кабинетке кітаптар сыйлады.Мектебіміздің 5-11 сынып оқу озаттарына 3- тоқсан Ғабиден Құлахмет атындағы шәкіртақысы салтанатты түрде табысталды. Атаулы кабинеттің лентасы қиылып, ардагер ұстаздар Бектұрғанова Р, Коджаева Д.М шашу шашты. Кабинетті ақынның балалары MED365 компаниясы директоры Шыңғыс, Ғазиз Құлахметовтар өз демеушілігімен заманауи талаптарға сай жабдықтап,жасады.Байқауға аудан мектептерінен 42 оқушы қатысып, 4 бағам бойынша ақынның шығармашылығын дәріптеді.
Әділ -қазылар алқасы "Ақ желкен" республикалық балалар мен жасөспірімдер журналының бас редакторы, ақын Е.Жеңісұлы; "Жетісу" облыстық газетінің жауапты хатшысы, жазушы М.Алжанбай.; жазушы - сатирик Қ.Әбілқайыр; археолог - ғалым Е.Оралбай; "Аягөз жаңалықтары" газетінің бас редакторы,ақын Е.Дайырбай;аудан әдіскері Мусабаева Б.О әділ шешімдерін шығарып, жүлдегерлерді
анықтады.Археолог,ғалым Ерден Оралбайдың арнайы жүлдесі,демеушілер есебінен қомақты қаржылай сыйлықтар,республикалық,аудандық білім бөлімі Алғыс хаттары берілді.Ақынның жуырда баспадан шыққан "Үйірі жоқ көкжал", "Алғадай" кітаптары байқауға қатысушыларға сый ретінде таратылды.Ержүректі, ұлтын ұлықтай білетін,жүректері«ауылым» деп соғатын «Жақсылық жасасаң, балаға жаса» деген ақын ұлдары, бүгінде ел игілігі жолында ерен еңбек етіп жүрген бас демеушілеріміз Шығыс,Ғазиз Құлахметовтерге айтар алғысымыз шексіз!
Қарымды қаламгер, дарынды ақын, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері Ғабиден Құлахметтің 69 жас туған күніне орай м