Рухани жаңғыру-"Өткенді ұлықтау"
6 қазан 2018 жылы Шолпан ауылы Жүзағаш орта мектебінде Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Өткенді ұлықтау» деген тақырыпта конференция болып өтті. Конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Саят Сейтханұлы, білім бөлімінің әдіскері Жұпар Кәбірқызы қатысты. Конференция мақсаты болашақ ұрпақтың көзі ашық көкірегі ояу болып өсулеріне барынша ықпал еткен Тұрыш Әлдекеұлын ұлықтау. 1928-1930 жылдары Жанама бекетінде мектеп құрылысы аяқталып бітпегендіктен, алғашқы төрт жылдық мектептің алғашқы мұғалімі Алыбаев Байғазы балаларды ауыл азаматы Қуанышев Тұрыштың екі бөлмелі үйінің бір бөлмесінде оқытқан болатын.Осы бөлмеден қазіргі Шолпан ауылындағы «Алтын ұя» мектептің тарихы бастау алған.
Тұрыш Әлдекеұлының ұрпағы немересі Павлодар қаласындағы «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы университетінің қазақ филологиясы кафедрасының профессоры,академик Тұрышев Айтмұхамет Қасымбайұлы мектеп музейіне ескерткіш тақта орнатты.Тұрыш Әлдекеұлы осы шараны ұйымдастыруға қол ұшын берген ауыл тұрғындарына,мектеп ұжымына алғысын білдірді.