12
сентябрь
2023
"Айтыс өнері" тақырыбы төңірегінде танымдық сабағын өткізді
Абай облысы Үржар ауданы "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы" КММ "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасымқызы Айдана 11-сынып оқушыларымен "Айтыс өнері" тақырыбы төңірегінде танымдық сабағын өткізді. Мақсаты: Айтыс өнері туралы түсініктерін кеңейту, айтыс өнерінің қыр-сыры, түрлері жайлы насихаттау және ақын бойында кездесетін ерекше қасиеттер жайлы жан-жақты мәліметтер беру. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасымқызы А.
