Жалпы ата-аналар жиналысы » Коммунальное Государственное учреждение Жузагашская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
"Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"
отдела образования Урджарского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
09
декабрь
2019

Жалпы ата-аналар жиналысы

Ауданымыздың барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2019 жылы 17 қыркүйек 17-00 сағатта өткізілгеніндей біздің мектебімізде де осы уақытта жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 96 ата-ана қатысты. Жалпы ата-аналар жиналысының күн тәртібінде бірінші мәселе «Открытый бюджет» мектеп директоры Нұргүл Айтқазықызының қаражаттың жұмсалуы жайында есебі берілді. Екінші мәселе бойынша бала тәрбиесі «Адал ұрпақ» клубының жұмысы жайында «Адал ұрпақ» ерікті клубының жетекшісі Тыюбеков Көбеген Шотбасұлы сөйледі. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы жайында тәрбие ісінің меңгерушісі Оспанов Еркін Аманғазыұлы баяндама жасады. Және ата-аналар назарына слайд көрсетілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі,пән мұғалімдері,сынып жетекшілері және медбике қатысты.
Жарыссөзге ауылымыздың көп бала тәрбиелеген әжелер Жакупова Асима, Бектұрғанова Рахилаш жас ата –аналарға өз ақылдарын айтты. 11-сынып ата-анасы Нүгерова Рысқайша мұғалімдерге ризашылығын білдірді. Оқушылардың тәрбиесіне,біліміне назар аудару әрбір ата-ананың міндеті екені айтылды. Жас ата-ана Сапанова Жұлдыз сөйлеп, мұғалімдер ата-аналармен бірігіп жұмыс жасап,жақсы оқушылар тәрбиелей берейік. Жиналыстың қаулысы қабылданып,қорытыланды.

Похожие публикации:

09 декабрь 2019 Адалдық сағаты