25
октябрь
2023
Ғ.Құлахметовты еске алуға арналған мектеп біріншілігі
Мектебімізде 25 қазан Республика күніне орай волейболдан аудан оқушы қыздар командалары арасында Ғ.Құлахметовты еске алуға арналған мектеп біріншілігі болып өтті.Жарысқа Момышұлы ОМ,Сейфуллин ОМ, Жансүгіров ОМ,Егінсу ОМ,Қарақол ОМ,Жүзағаш ОМ қыздар командалары қатысты.Сейфуллин ОМ 1 орын,Егінсу ОМ 2 орын,Жүзағаш ОМ 3 орын алды.Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Ғ.Құлахметовтар отбасы демеушілігі есебінен кубок,грамота,ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

