Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев » Коммунальное Государственное учреждение Жузагашская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев
31
март
2025

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев

Балалар қауіпсіздігі, кадрлық әлеует және инфрақұрылым: Ғани Бейсембаев өңірлік білім басшыларына жүктелетін негізгі міндеттерді атады

📍Астанада облыстық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста оқу-ағарту жүйесін дамытудың басым бағыттары айқындалды.

⚡️Оқу-ағарту министрі мемлекет педагогтерге қолдауды жүйелі түрде арттырып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, «Педагог мәртебесі туралы» Заң – мұғалімге ұлттың стратегиялық ресурсы ретінде қарайтын жаңа көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Педагогтерді аттестациялау тәсілі қайта қаралып, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, қызметіне жатпайтын міндеттерден босату, сондай-ақ оқушыларға тәрбие мен білім беруде жетістікке жеткен үздік ұстаздарды ынталандыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде сапалы жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдар міндетті болып табылады.

«Мемлекет басшысы педагогтің ел болашағын қалыптастырудағы рөлін үнемі айтып келеді. Бүгінгі мұғалім – ол қоғамды жаңғыртудағы басты тұлға. Осыған орай, барлық білім басқармалары мен бөлімдері басшыларына «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қатаң сақталуы қажет екенін тағы да ескертемін», – деді министр.

❗️Сондай-ақ министр «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында жергілікті жерлерде жаңашылдық енгізуге қабілетті жаңа буын басшыларын даярлау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Мемлекеттік саясаттың сабақтастығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, кадрлық резервке енген қатысушыларды басқарушылық қызметтерге тағайындау процесін жеделдету тапсырылды.

📌 Жиында жергілікті жерлердегі қаржылық тәртіп мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Екі жыл бұрын министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмысқа бастамашылық еткен болатын. Жол картасының шеңберінде 17 миллиард теңге көлеміндегі қаржы мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

«Біз ашық және есеп беретін білім беру жүйесін қалыптастырудамыз. Әрбір басшы жоғары моральдық талаптарға сай болуы тиіс.