20
октябрь
2023
Республика күні мерекесіне орай "Қазақ елі- менің Отаным" атты сынып сағаты
Абай облысы Үржар ауданы білім бөлімінің "Жүзағаш орта мектеп-бақшасы" КММ 8 сыныпта 25-қазан Республика күні мерекесіне орай "Қазақ елі- менің Отаным" атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Отанын, туған жерін шексіз сүйетін, өзінің қазақ екенін мақтан тұтатын, қазақ елінің азаматы ретінде салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын , ұлтын қастерлейтін саналы оқушы болып өсуін тәрбиелеу. Сынып жетекшісі Қасымқызы Айдана. 20.10.2023 жыл.