Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Жүзағаш орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубында 8-11 сыныптар арасында «Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Нұр Отан ұйымының жетекшісі Абдуллина Д.С, аудандық жастар мәслихатының депутаты Кокеев О.А, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ахметжанова М. қатысып, пікірлерін ортаға салды. «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Тюбеков К.Шеліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу тетіктерін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында ерекше атап өтетіндігіне тоқталды және 11 сынып оқушылары Мамытжан М. «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» Тұрсынова А «Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Болатова Б «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында баяндама оқыды. 8-10-11 сынып оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсытақырыбында көрініс көрсетті. Қорытынды сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Е.А. Оспанов біз болашаққа тек адал ұрпақ тәрбиелеп,биліктің биік тармақтарында еңбек етуіне ықпал етуіміз керек.Сондықтан Қазақстан болашақта «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен сыбайластықты қабылдамайтын,парақорлыққа мүлдем төзбейтін мәдениетті қалыптастыратын ел болады. Ол сіздерге байланысты. Келешекте терең білімдеріңізбен, адамдық қасиеттеріңізбен, қажырлы еңбекқорлықтарыңызбен қадам басып, Тәуелсіз еліміздің, мемлектіміздің Туын биік ұстайтын азамат болуларыңыз керек. Іс шараны ұйымдастырған «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі К.Ш.Тыюбековқа,қатысқан қонақтарға, оқушыларға алғысын білдірді Іс-шара жоғары деңгейде өтті.