12
апрель
2017
Денсаулығы адамның-денсаулығы ғаламның
Жүзағаш орта мектеп –бақшасында ағымдағы жылдың 6-желтоқсанында «Денсаулығы адамның-денсаулығы ғаламның» тақырыбында 6-11 сыныптар арасында мектептің биология пәні мұғалімі Н.Хайруллина және мектеп мейірбикесі К.Жұмабаеваның ұйымдастыруымен ауыл дәрігерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу,шылым шегудің,ішімдіктің,нашақорлықтың,ЖҚТБ -ның адам ағзасына зиянды жерлерін тереңірек түсіндіру. Биология пәнінің мұғалімі: Хайруллина Н.Б. ауыл дәрігері Түйлебаева А.С. акушерка-Теміржанова Ф. оқушыларға ЖҚТБ және АҚТБ инфекциялары,олардың таралуы өте қауіпті екенін ашып айтты.Дәрігерге оқушылар «ЖҚТБ–ауруы қандай ауру? Таралу жолдары қалай?»- деген сұрақтарын қойды.Кездесу оқушыларға терең ой тастады.Мектеп мейірбикесі соңында ЖҚТБ туралы кітапшалар таратты.