28
январь
2018
«Жасыл – яғни үнемді» тәрбие сағаты
Жүзағаш орта мектеп бақшасында ағымдағы жылдың 28 қарашасында бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Узбаева 4 сыныпта «Жасыл – яғни үнемді» деген тақырыпта тәрбие сағаты өтті.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімдерін өзектендіру,энергияны үнемдеу, ауызсу көздерін ұтымды пайдалану туралы түсінік қалыптастыру.Сабақта «Алма» ойынмен модельдеу: яғни, су мен құрлықтың ара салмағын көрнекі түрде көрсету, «Жер бетінде қанша су қалды?» тәжірибе, «Су» блиц-турнир, «Энергия» бейнеролигі бойынша ой-талқы ұйымдастырылды.