Ерте жүктіліктің алдын алу » Коммунальное Государственное учреждение Жузагашская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жүзағаш орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2019

Ерте жүктіліктің алдын алу

Оқушылар арасында гигиеналық білім мен дағдыларды қалыптастыру, оқушылар мен ата-аналарды ерте жүктілікпен байланысты қауіптермен таныстыру және жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілігін арттыру.
Біркүндік аясында мектебімізде ата-аналар мен мұғалімдердің кездесулері, сынып сағаттары, дәрістер, дөңгелек үстелдер, кеңестер, пікірталастар, тренингтер, анкеталар, бейнероликтерді қарау және т.б шаралар өткізілді.
Қыздарға арналған дөңгелек үстел «Ерте жүктілік, алдын алу және жасөспірімдердің жүктілігі туралы ескертулер» 7-11 сыныптармен тәрбие ісінің меңгерушісі, медбике, психолог, сынып жетекшілерінің қатысуымен өтті.Мектеп әкімшілігінің қатысуымен «Зорлық зомбылықтың алдын алу мектепішілік жиналыс болды,мектеп психологы баяндама оқыды. 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп психологы Н.Р. Абдуллина жыныстық зорлық-зомбылық қатынас құрбандарын анықтау бойынша анонимді сауалнама алынды. Ауылдық амбулаторияның дәрігері С.Нұрахметова және мектебіміздің медбикесі Г.Жұмабаевамен «Ерте жыныстық қатынастар мен қауіптілігі туралы» 7-11 сынып қыздарымен кездесу ұйымдастырылып біршама нақты сұрақтарға жауаптар алынды. 7-11 сынып қыздары аналарымен «Жасөспірім қыз-бойжеткен» тақырыбында жиналыс өткіздік.Тәрбие ісінің меңгерушісі Е.Оспанов жиналыстың мақсатымен таныстырып «Ерте жүктіліктің ертеңі қандай» тақырыбында баяндама оқыды.
Ерте жүктіліктің алдын алу